Талдыкөл ауылындағы қазіргі жағдай
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылынан эвакуацияланған тұрғындар туралы ақпарат айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
25 мамыр, сағат 12.30 жағдай бойынша 231 тұрғын АПЕК колледжіне, 49 тұрғын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасына, 768 тұрғын өз қалауымен туыстарына орналасты.
Талдыкөл ауылындағы 1215 тұрғын бар.
Еске сала кетелік, 25 мамыр күні Талдыкөл ауылында жаппай эвакуация жарияланды.
Қазіргі уақытта эвакуациялау жұмыстарын ТЖМ — 29 сарбазы, Қорғаныс министрлігінің — 11 сарбазы, 9 Махамбет ауданы полиция қызметкерлері жалғастыруда.
9 қайық, 2 газель, 1 жол талғамайтын арнайы көлік бар.