Елімізде 1 маусымда суға шомылу маусымы басталады

0

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әрбір азамат суға түсу мусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Елімізде дәстүр бойынша 1 маусымда суға түсу маусымы басталады. Демалыс уақыты келді. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп кешенді дайындық және алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып, жүзеге асырып жатыр,- деді спикер.

Төтенше жағдайлар министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты суға түсу кезеңінде балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударып отыр.

Балалардың қауіпсіздігі үшін үгіт-насихат және тәрбие жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, құтқару бөлімшелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді,- деді Алексей Советов.


ПІКІР ЖАЗУ