Мемлекет басшысы Қайрат Омаровқа БҰҰ-ға қатысты бірқатар міндет жүктеді
Мемлекет басшысы Қазақстанның БҰҰ жанындағы жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Қайрат Омаровты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Омаровқа Біріккен Ұлттар Ұйымымен арадағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндет жүктеді.
Президент аталған әмбебап ұйыммен дәйекті жұмыстарды жалғастыру маңызды екенін атап өтті.