«Асыл мекен». Бүгіннен бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылды
Отбасы банк «Асыл мекен» жаңа ипотекалық бағдарламасын ұсынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
- Бағдарлама кімге арналған?
Барлық қазақстандықтар үшін жасы 18-ден 70 жасқа дейін (қарыз мерзімі аяқталған кезде)
- Бағдарлама бойынша тұрғын үйді қайдан сатып алуға болады?
Тұрғын үйді ауылдық елді мекендерден (бұдан әрі АЕМ) сатып алуға болады. АЕМ тізімін Отбасы банкінің Instagram парақшасындағы стористардан таба аласыз.
Бағдарламаның шарттары:
Несиенің ең жоғары сомасы — 10 млн теңге.
Мерзімі 8 жылға дейін.
Несие бойынша мөлшерлеме 5% (ЖТСМ 5.2%-дан 5.8%-ға дейін).
Бірінші жарна қарыз сомасының 10%.
Өтінімді тек онлайн режимінде hcsbk.kz сайтындағы бейне операторлар арқылы алуға болады (storis-ке қалай өтініш беру керектігі туралы толық нұсқаулықты қараңыз). Әр отбасы баспаналы болсын!, — делінген банк хабарламасында.