Павлодарда 36 мың гектар жайылымдық жер елге қайтарылды

0

 Павлодар облысында прокуратураның қадағалау актісі бойынша халыққа 5 млрд теңге сомасына жайылым қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау пайдаланылмай жатқан немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 36 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін анықтады.

Кейбір жағдайда егістік жерлер жылдар бойы бос тұрып, жайылым пайдаланушылар атында бірде-бір мал тіркелмеген.

Елді мекендердің 24 мың га жуық жері шаруашылық жүргізуші субъектілердің пайдалануына заңсыз берілген.

Прокуратураның актісі бойынша тапшылықты азайту үшін бір айдан аз уақыт ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 4 мың гектардан астам жайылым халыққа қайтарылды. Он жер пайдаланушы мақсатты пайдалануға кірісті. Әрекетсіздігі үшін аумақтық жер қатынастары бөлімінің басшысы тәртіптік жазаға тартылды, — делінген хабарламада.


ПІКІР ЖАЗУ