Жол белгілерін конкурстық сынақтардан өткізуде
Өнімдері конкурстық сынақтардан өтпейтін рейтингі төмен өндірушілер мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысы алмайтын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жол таңбасының сапасын жақсарту және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Көлік министрлігінің тапсырмасы бойынша «ҚазжолҒЗИ» отандық жол бояуын өндірушілер арасында жол таңбасының алғашқы конкурстық сынақтарын өткізуде.
Конкурстың барлық қатысушыларына жол қозғалыс қарқындылығы мен күтіп-ұстау шарттары бірдей республикалық маңызы бар автомобиль жолы беріледі. Сынақтар климаты жағынан қарама-қарсы елдің оңтүстік және солтүстік өңірлерінде өткізілмек.
Жол белгілерін салғаннан кейін, «ҚазжолҒЗИ» ғалымдары бояудың сәйкестігін ҚАЖ және ЖАҰСО өкілдерімен бірлесіп нормативтерге сәйкестігін және автомобиль жолдарында пайдалану үшін қаншалықты ұсынуға тұратынын байқайтын болады.
Конкурс қорытындысы бойынша жол белгілері үшін бояу өндірушілердің рейтингі құрылады, оны ғалымдар «Жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялардың бірыңғай базасына» орналастырады – Rcmbase.kz. Өз кезегінде, өнімдері конкурстық сынақтардан өтпейтін рейтингі төмен өндірушілер мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысуға жіберілмейтін болады.
Мамандар құрылыс материалдарына конкурстық сынау және рейтингтеу әдісін құрылыс пен күтіп-ұстаудың барлық кезеңдерінде қолданылатын материалдарға, автомобиль жолдарының сапасын жақсарту мақсатында қолданбақ.