41 градус ыстық: синоптиктер жексенбіде 14 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

0

 «Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 16 маусымда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, найзағайда екпіні 15-20 м/с.


ПІКІР ЖАЗУ