Соңғы 5 айда тауар айналымының көлемі ұлғайды – Сауда министрлігі

0

 Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында СИМ Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, сауда саласы 1,5 млн астам адамды жұмыс орындарымен қамтитын және салалар арасында бірінші орынға ие.

ЖІӨ-дегі салым бойынша сауда саласы 2-ші орында. Салада бизнес субъектілерінің 36% жұмыс істеуде. Осы жылдың 5 айында сауданың НКИ 103,1% құрады. Номиналда осы жылдың қаңтар-мамыр айларында тауар айналымының көлемі ұлғайып, 21,9 трлн теңгені құрады. Өткен жылдың осы кезеңдегі деңгейінен 1,5 млн теңге асып түсті. Сонымен қатар, екінші жартыжылдықтан бастап сауданың дәстүрлі өсуін күтеміз. Осы жылдың 5 айында саудаға салынған инвестициялар көлемі 121 млрд теңге болды,- деді Айдар Әбілдабеков.


ПІКІР ЖАЗУ