Теңгеге не болды? – Тимур Сүлейменов түсіндірді
Мәжіліс кулуарында Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов ұлттық валютаның неге әлсірегенін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қазір көрсеткіш тұрақтанған.
Өздеріңіз көріп отырғандай, курс тұрақтанды. Алты айға жуық уақыт бойы Ұлттық банк республикалық бюджеттің ақшаға қатысты белгілі бір проблемаларына байланысты, өздеріңіз білетіндей, КТС, ҚҚС және т. б. бойынша салықтар түспеді. Сол себепті Ұлттық қордан трансферттің едәуір көлемін айырбастауға мәжбүр болды, — деді Тимур Сүлейменов.
Сүлейменовтің айтуынша, бес айда Ұлттық банк жалпы жылдық көлемнің 70%-ға жуығын конвертациялаған.
Бұл біздің Ұлттық қордағы валютадағы ақшаның Қазақстан биржасында айырбасталғанын білдіреді. Валюта көп болды,бұл доллар бағамына әсер етті. Қазір түзету жүріп жатыр,өйткені 850 миллионның орнына біз 400-450 миллион сатамыз. Ұлттық банктің нарықтағы қатысуы екі есе азайды ,бұл бағамға жауап береді. Бұл дұрыс,өйткені ол өзінің негізгі мәніне, яғни дәл қазіргіге оралады, — деп Тимур Сүлейменов.