Депутаттар өңірлерді аралауды бастады

0

 Депутаттар бүгіннен бастап өңірлерді аралап, халықпен кездесуді бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов бүгін “Ауыл” партиясы төрағасы Серік Егізбаев, партия төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаевпен бірлесіп Қызылорда облысына жұмыс сапарын бастады.

1 шілдеден бастап Парламент Мәжілісінің депутаттары елді-мекендерге халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен жақынырақ танысу үшін іс-сапарға шықты.

Мәжілісмендер алдымен Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстым. Облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелерді талқылады.

Өз кезегінде ТЖ қызметкерлері жабық манеж салу, спорттық дайындықты жақсарту мақсатында база болса, сүңгуіршілерді дайынтайтын су бассейіні болса, себебі Сырдария өзені, Арал теңізі біздің өңірде орналасқандықтан, апаттық жағдайлар болып тұратынын айтты. Қаланың сол жағалауына өрт сөндіру бекеті салынса, Арал мен Сексеуіл қалаларының арасының қашықтығына байланысты өрт сөндіру бекеті салынса деген ойларын ортаға салды, — деп жазды Саурықов.

Депутаттар «Қайсар» кәсіпқой футбол клубының ойыншыларымен кездесіп, орталық стадионның жұмысымен танысты.

«Қайсар» футбол клубы талантты, мықты футболшылардың ұстаханасы десек қателеспейміз. Өткен ғасырдың орта тұсынан бері осы аймақтан аяқдоп шеберлері көптеп шығып, ел мерейін еселегені жұртшылық жадында. Бүгінде қасиетті Қызылорда топырағынан түлеп шыққан теңбіл доп шеберлері тартысты ойын өрнегін көрсетіп жүр.

Қазіргі кезде клубтың даңқын, атағын қайтаруға, сақтап қалуға күш салынып жатыр. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер арасындағы футболды дамытып, ауылдағы талантты жастарды қолдау қажет. Бұл бағытта қолға алынған жұмыстарды жүйелі жалғастыру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр, — деп айтты ол.

Сондай-ақ клубтың басшылық, әкімшілік құрамымен бірге бірқатар мәселенің шешу жолдарын, алдағы жоспарларды талқылады.

Федерация филиалының жұмысын жандандыру, білікті мамандар тарту, бұқаралық футболды дамыту, аудан, ауылдық округтердегі стадиондарды реттеу, жергілікті жердегі жас таланттарды қолдау шаралары назарға алынды.


ПІКІР ЖАЗУ