Енді ШЫҰ-ға Қытай төрағалық етеді
Астана саммитінде ШЫҰ-ға төрағалық Қытайға өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында алдағы кезеңдегі ШЫҰ-ға төрағалық Қытай Халық Республикасына өтт.
Ұйымның Бас хатшысы Чжан Мин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында Қазақстанға жемісті жұмысы үшін алғыс айтты.
Қазақстан Республикасына төраға ретіндегі жемісті жұмысы үшін тағы да алғыс айтамын, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының ұйымға төрағалығының басталуымен құттықтаймын, — деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстан 2023 жылғы шілдеден 2024 жылғы шілдеге дейін ұйымға төрағалық етті.