Астанада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр

0

 Астана күнін мерекелеу аясында Орталық саябақта қала қонақтары мен тұрғындарына арналған жазғы «Мereke street» жобасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Mereke street» – Елорда күніне орай барлық жастағы тұрғындар үшін ұйымдастырылған отбасылық демалысқа арналған фестиваль. Шарада қала тұрғындары мен қонақтары қазақ музыкасының ерекше мәдениет әлеміне еніп, үлкен тақталарға сурет салып, ашық аспан астындағы кинотеатрда отандық фильмдерді көре алады. Сондай ақ, караокеде сүйікті әніңізді айтып, түрлі музыкалық аспаптарды үйренуге жағдай жасалған. Көңілді демалыс үшін арнайы гамактар іліп, төсеніштер таратылады.

Қала қонақтары мен тұрғындары үшін балалар мен ересектерге арналған кинотеатр, тақия (бас киім) жасау фестивалі, аспаптық музыканы ұнататындардың барлығына арналған камералық сахна, кішкентай көрермендер мен үлкендерге арналған театр қойылымдары, белсенді ойын-сауық және пикник алаңдары, сонымен қатар, «Роботтар шайқасы» шоуы, әртүрлі оқу курстары және т.б. қызықты бағдарламалар ұсынылады.


ПІКІР ЖАЗУ