Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

0

 Бұл туралы сахна саңлағы өзінің жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Димаш-Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана Аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар», – деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


ПІКІР ЖАЗУ