Түркістан: Дархан Сатыбалды «ж\Жайлы мектептің» құрылысын қадағалады

0

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданынына жұмыс сапарында Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы 300 орындық мектептің құрылысын қадағалады.  «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан мектептің  тапсырыс берушісі – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы. Құрылысты «Тамыз құрылыс ББК» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Мектептің құрылысы былтыр тамыз айында басталған, биыл мектепті толықтай тапсыру көзделген. Учаскенің жалпы ауданы 2,8 гектар жерді құрайды. Ал ғимараттың жалпы ауданы  – 5 700,0 шаршы метр.

Облыс әкімі мердігер мен осы салаға жауапты азаматтарға жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берді. Туындаған мәселелерді дер кезінде шешуді ескертті. Бұл мектеп өзге білім ұяларына үлгі болып, оқушылар мен ұстаздарға жағдай жасалуы керектігін жеткізді. Мектепті білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарға алынады.

– Бұл жобаның жүзеге асуы – сіз бен бізге сын. Кәсіби мамандар жасақтауды тездетіңіздер. Ең бастысы, құрылыс мерзімінің бұзылуына ешқандай жол беруге болмайды. Осыны ұмытпайық. Сапаның ақсамауын қадағалаңыздар, – деп атап көрсетті Дархан Сатыбалды.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп салу жоспарланған. 29 жайлы мектептің құрылысы биыл аяқталады.

Құрылыста отандық өнімге басымдық берілген. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорындар ашылды. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде Binom School мектептер желісінің тәжірибесі ескеріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ