Сайрам аудандық мансап орталығында «ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС» жобасы шеңберінде жәрмеңке өтті

0

Бүгін жастарды жұмыспен қамту мақсатында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы және аудандық Мансап орталығы аудан жастарына еңбек жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Жәрмеңкеде  «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Қ. Сыздықов  «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында «Аманат»  партиясы Еңбек  және халықты қорғау  министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіткенін, аталған жоба шеңберінде еліміздің барлық жастарына арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, жастарды ірі кәсіпорындарда тәжірибиеден өткізу сынды жұмыстар атқарылып жатқанын атады.

 Аталмыш жәрмеңкеге 24 мекемеден жалпы 76 бос жұмыс орындары халық назарына ұсынылды. Іс-шараға қатысқан жалпы 100-ге жуық жастың, оның ішінде 20-сы Жастар практикасымен жұмысқа жолданды .

Өз кезегінде жұмысқа жолдама алған жастар ерекше көңіл-күйге бөленіп, жәрмеңкені ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Айта кетейік, «Жастарға жұмыс»  жобасы аясындағы еңбек жәрмеңкелері алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ