ШЫМКЕНТ: Тұрғын үйлер арасындағы тазалау жұмыстары күнделікті жасалып тұрады

0

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласында карантин шаралары күшейтілді. Қазіргі уақытта қаладағы сауда-ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, дүкендер және адамдар көп жиналатын басқа да орындар санитарлық бақылаудың күшейтілген режиміне көшірілді.

Сақтық шаралары негізінде қаладағы төрт ауданда санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жасалуда. Еңбекші ауданының басшылығы да аудан тазалығына баса назар аударып отыр. Ауданда санитарлық тазалыққа жауапты 8 мекеме бар.

Аудандағы көшелер мен лотоктар және аулалар қоқыстан тазаланды. Аялдамалар, жол жиектері және аяқ жолдар да тазартылды. Ал көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы тазалау жұмыстары күнделікті түрде жасалып тұрады. Сонымен қатар, аудан аумағындағы жол бойындағы, гүлзарлардағы гүлдер суғарылды.

Тазалық жұмыстарына 500-ге жуық жұмысшы мен 152 техника жұмылдырылды.


ПІКІР ЖАЗУ