КЕНТАУ: Қарнақ ауылында жастар бас қосты

0

Кентау қаласына қарасты екі мың жылдық тарихы бар  Қарнақ ауылында жастар жиналып, білімдері мен ой сананы дамытуға мүмкіндік беретін білімділер сайысын өткізді.

Игі шара “Бірлігіміз жарасқан” атты тақырыбында ұйымдастырылды. Білімділерін дәлелдеуге келген сайысты қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова ашып, барша қатысушыға сәттілік тіледі.

Ұлттар мен ұлыстар татулығын насихаттау, халық бірлігін қамтамасыз ету мақсатында өткен сайысқа Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауыл тұрғындары, әр түрлі сала мамандарынан құралған 12 топ қатысты.

“Бірлігіміз жарасқан” атты интеллектуалдық ойынға қатысушылар өз топтарының атауы мен ұрандарын қысқаша таныстырып, мақал-мәтелді жалғастыру, салт-дәстүр, музыкалық және логикалық сұрақтар бойынша 5 кезеңде шың мықтыны анықтай білді.

Қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша ІІІ-орын «Тұран» командасына бұйырса, ІІ-орынға «Алау» командасы лайық деп танылды. І-орынды «Шабыт» командасы жеңіп алып, жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ