ТҮРКІСТАН: патриоттық әндері әлі талай ұрпақтың патриоттық сезімін шыңдайды

0

15 тамыз – Ш.Қалдаяқов туған күніне орай Шәмші туған ауылда «Әнім сен едің» атты гала концерті өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов және сазгердің қарындасы Райхан Қалдаяққызы қатысып, әсерлі кештен мол рухани нәр алған көпшілікке ізгі тілегін арнап, сазгердің әндерін насихаттап жүрген өнер жұлдыздарына алғысын айтты.

– Бүгінде кез келген ұлттың бәсекеге қабілеттілігі мен даму деңгейі оның әлем мәдениеті мен өркениетіне қосқан үлесі және адамзатқа сыйлаған ардақты тұлғаларымен өлшенеді. Міне осы тұрғыдан алғанда қазақ даласын әнімен тербеткен ұлы тұлға Шәмші Қалдаяқов қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Әйгілі сазгердің бізге, өскелең ұрпаққа қалдырған өнер мұрасы – халқымыздың рухани байлығы. Оның патриоттық әндері әлі талай ұрпақтың патриоттық сезімін шыңдайтынына сеніміміз мол», – деді аудан басшысы.

Сахна шымылдығы Шәмші ағамыздың өмірінен алынған, театрландырылған көрініспен  ашылып, ән-күймен жалғасын тапты. Ән әлемі падишасының кешінде сазгердің сыршыл да әсерлі, нәзік иірімдермен өрілген әндері әуелете шырқалды.

Әуезді кеште аудандық мәдениет сарайының өнерпаздары мен елімізге белгілі әншілер ұлы сазгердің шығармаларын нақышына келтіре орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.


ПІКІР ЖАЗУ