ТҮРКІСТАН: жастар мемлекетік бағдараламалар туралы арнайы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады
Түркістан өңірінде соңғы кездері мәдениет, спорт салаларына көңіл бөлініп келеді. Тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында түрлі әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Бүгін жұмыс сапарымен барған облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қала әкімі Жандос Тасовпен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.
Жұмыс сапары Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет үйінен басталды. Аталған мәдениет ошағы типтік ғимаратта орналасқан. Көрермен залындағы орын саны – 525. Кіші залда – 200 орын. 2013-2015 жылдары қайта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мәдениет сарайына қарасты 4 ауыл клубы және 1 шығармашылық үйі қызмет атқарады. Жалпы мәдениет сарайы мен ауыл клубтарында 21 үйірме жұмыс атқарып келеді. Облыс әкімінің орынбасары жұмысты жандандыруды тапсырды. Содан соң Жастар ресурстық орталығына барды. 2011 жылы жылы қолданысқа берілген орталықта 19 адам қызмет етуде. Үлкен акт залынан бөлек, 7 кабинет бар. Жастар мемлекетік бағдараламалар туралы арнайы мамандардан, сонымен қатар заңгер, психологтан кеңес ала алады. Түрлі спорт түрлері де қарастырылған.
Кентау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделуде. Жаңа спорт нысаны заманауи әрі ыңғайлы болуын атап өтті. Қала әкімдігі мен жауапты басқармаға жұмыс барысын бақылауды тапсырды. Бұдан бөлек қаладағы бокс мектебі мен Б.Саттарханов атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бүгінгі таңда Екі мектепке құрылыс жұмыстарына ұсыныс Балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануы үшін тиісті жұмыстар жүргізу қажет деді. Сонымен қатар бұл бағыттағы тиісті ақпараттарды дер кезінде жолдап отыру қажеттігін айтты.
Сапар барысында Кентау қалалық орталық мешіт жанынан жаңадан салынып жатқан медресе құрылысымен танысты. 4500 шаршы метрді құрайды алаңға жатақхана, оқу ғимараты, спорт кешені, асхана кіреді. Демеушілер есебінен салынып жатқан жатақхана 120 адамға есептелген. 2023 жылы басталған құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда Кентау қаласының аумағын және оған іргелес елді мекендерді экологиялық дағдарысқа дейінгі жағдай аймағына жатқызу мақсатында 2 бағытта жұмыс жүргізілуде. Ертай Кенжебекұлы қаладағы 900 га құрайтын төтенше жағдайдағы қауіпті аймақты көріп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Аталған аумақта тұрғын үй, су қабылдау сорғы станциясы және 10 өндірістік база бар. Алдағы уақытта бұл аумақтан объектілерді шығаруға қатысты мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында қаралатын болады деді.