Сайрам: «Мобильді халыққа қызмет көрсету» жоспарының аудан аумағындағы елдімекен тұрғындарына түсіндіру
Аудан әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тиісті деңгейде орындалуы, мерзімдерін бұзу фактілерін болдырмауы және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы Әдеп кодексінде көзделген талаптарға сай қызмет көрсетуі жөнінде жиын өтті.
Басқосу барысында тиісті бөлім басшыларының аудан көлемінде атқарылған мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы баяндамалары тыңдалды. Атап айтқанда, аудан әкімдігіне қарасты аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы және аудан әкімінің тиісті бөлімдері, ауылдық округ әкімі аппараттары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз ететін іс-шаралар жоспарының орындалу барысы, аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімі бойынша «Мобильді халыққа қызмет көрсету» жоспарының аудан аумағындағы елдімекен тұрғындарына түсіндіру, ақпараттандыру жұмысының деңгейі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы туралы мәселелер кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, баяндамашылар жиында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көзделген мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын қатаң сақтау қажеттігін айтты.
Бұдан бөлек, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің қоғам тарапынан сынға алыну жағдайларын азайту мақсатында, Әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттарда жалпыға бірдей қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын ұстануды, барлық мемлекеттік қызметшілердің ғимаратқа кіруі және шығуы кезінде СКУД жүйесі арқылы өту мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі аппаратының басшысы тиісті тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді сапалы әрі қолжетімді және уақытылы көрсетудің маңыздылығына тоқталып, бұл бағыттағы жұмыстармен жүйелі айналысуды жүктеді.