Келестегі бірлік ауылында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр

0

Келес ауданында тұрғындардың сұранысына орай, Бірлік ауылында 45 орындық дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Заманауи талаптарға сай, бір қабаттан тұратын ғимараттың құрылысын «Шаңырақ» өндірістік коопретиві жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттың іргетасы қаланып, қабырғаларын тұрғызу жұмыстары қолға алынған.

Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстарына бюджеттен 305 миллион теңге қаржы қаралған. Дәрігерлік амбулаторияның негізгі міндеті — аурушаңдықты, тұрғындар арасындағы өлім-жітімнің алдын алу және төмендету бойынша профилактикалық іс -шараларды жүргізу, ауруларды ерте анықтау, науқастарды уақтылы медициналық тексеруден өткізу.

Айта кетейік, Медициналық нысан Бірлік, Мәдениет, Ащысай және Қосөткел ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетуі белгіленген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңында аяқталып, қолданысқа беру жоспарлануда.


ПІКІР ЖАЗУ