ШЫМКЕНТ: Орталықта 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады

0

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығында» 6 ай мерзімінде қызмет алушы қандастарымыздың мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлері көрсетіледі.

Сонымен қатар, орталық 12 түрлі мамандық бойынша тегін оқытады. Олар: тігінші, кондитер, есепші, компьютер графикасы, шаштараз және т.б.

Өзбекстан Республикасынан келген қандасымыз Ғалымжан Аманбаев қазіргі таңда «Дәнекерлеу ісі» кіші кәсіптік мамандығын тәмамдап, куәлігін алды. Жас күнінен еңбекпен өскен Ғалымжан бүгінгі күні құрылыс саласында қызмет атқаруда. Ендігі мақсаты — алған куәлігі бойынша жұмысқа орналасып, Өзбекстанда қалған отбасын елге әкелу.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ресми мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 маусымына 562 отбасына (759 адамға) қандас мәртебесі берілген.

Шымкент қаласы бойынша 2021 жылдың 1 шілдесіне 689 отбасына (942 адамға) қандас мәртебесі берілді. Мәртебесін 6 айға ұзартқандар саны — 141 отбасы (165 адам).


ПІКІР ЖАЗУ