Қазақстанның барлық өңірлерінен 1650 әйел өмірде және бизнесте жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану бойынша оқудан өтті

0

2024 жылдың 10 қыркүйегінде “TechnoWomen” коммерциялық емес ұйымы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, “Астана Хаб” халықаралық технопаркінің, Кәсіпкерлік пен бизнес ортаны дамытуға арналған USAID жобасының қолдауымен қыздар мен қыз-келіншектерді цифрлық трансформация және өмірде және бизнесте ЖИ қолдану негіздеріне оқыту жөніндегі #SheInnovator жобасын іске асыру нәтижелерін шығарды.

Британдық Oxford Insights зерттеу компаниясы әзірлеген «Government Al Readiness Index» бойынша Қазақстан цифрлық әлеует көрсеткіші – 76% және деректердің қолжетімділігі бойынша — 74% жоғары көрсеткішке ие. Сондықтан, қазіргі уақытта жасанды интеллектті қолдану саласындағы құзыреттерді күшейту бағытында жұмыстар жүріп жатыр және бұл ЖИ жобаларын әзірлеуге қолайлы жағдай жасалып келеді.

Қыздар мен әйелдерді жасанды интеллект саласына тарту және цифрлық трансформация бойынша цифрлық дағдыларды дамыту мақсатында #Shelnnovator жобасы жүзеге асырылды. Жоба аясында әйелдер электрондық коммерция, қазақстандық және шетелдік маркетплейстерде сауда жасау дағдыларын меңгерді. Жоба 2024 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін жүргізілді. Қазақстанның Алматы, Атырау, Ақтау, Қарағанды, Семей, Өскемен, Петропавл, Шымкент, Қызылорда және Астана қалаларында 10 аймақтық конференция өткізіліп, тренингтер мен практикалық шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Барлығы 1650-ден астам әйел окудан өтті.

Бұл жобаның жүзеге асырылуына аймақтардағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың қосқан үлесі зор, олар жергілікті кәсіпкер әйелдер мен қоғамдық ұйымдардың басшыларын жобаларға тартуды ұйымдастырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Қазақ тіліне негізделген үлкен тілдік модельдер (KazLLM) бойынша жасанды интеллект негізінде қолданбалы шешімдер әзірлеу және енгізу құзырет орталығына қосылу туралы келісімге қол қойылды.

«TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы жасанды интеллект саласындағы гендерлік аспектіні қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақ тіліне негізделген үлкен тілдік модельдер (KazLLM) бойынша қолданбалы шешімдерді әзірлеу және енгізу орталығына қосылды. «Ұлттық тілдік модельдегі гендерлік құрамның маңызды бағыттарына деректердің гендерлік инклюзивтілігі мен алгоритмдердегі гендерлік алалаушылықты анықтау және оны жою әдістерін әзірлеу кіреді. ЖИ жобаларын әзірлеу барысында гендерлік топтардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескеру маңызды. Бұл технологиялар барша үшін қолайлы әрі қауіпсіз болуы керек» — деп атап өтті «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шужеева.


ПІКІР ЖАЗУ