27 тұрғынға әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша кеңес берді

0

Бүгінде солтүстік өңірлерде сапарын жалғастырудағы «Саламатты Қазақстан» пойызының медицина қызметкерлері өткен апта, яғни 12-ші тамызбен 18-ші тамыз аралығында тегін түрде 2 641 адамның денсаулығын қараса, олардың 939-ы бала болып отыр.

Сонымен қатар, 15 тамыздан бастап пойыз Павлодар облысында орналасқан. Осы кезеңде пойыздың құрамындағы мамандар-медиаторлар мен заңгерлер 27 тұрғынға әлеуметтік-еңбек құқығы мәселелері бойынша кеңес берді.

​Мамыр айының басында сапарға шыққан пойыз ұжымы бұған дейін Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында болды.

40 166 қазақстандықты (оның ішінде 11 436 бала) ақысыз медициналық қызметпен қамтыған дәрігерлер еңбегінен тыс, медиатор мен заңгер 1 905 арызды қарастырып, жергілікті азаматтардың құқықтық, еңбек кикілжіңдерін шешуге күш салды.

Пойыз вагондарында қабылдау 13:00-14:00 түскі үзіліспен сағ. 09:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Азаматтарда өздерімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті

19 тамызда Қостанай облысының Тасқұдық станциясында поезд жанында демеушілердің қолдауымен қайырымдылық концерттер өтті. Жергілікті тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жадыратқан аталған ән-шашулар барысында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетті. 

Осы орайда, 2-3 тамыз күндері, Ақмола облысындағы Макинка және Ақкөл бекеттерінде пойыз жанында демеушілердің қолдауымен арнайы концерттер өтті. Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысының Макинка және Ақкөл станцияларында осындай іс-шара ұйымдастырылған болатын. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған және «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландыратын концерттер өңірлерде жыл соңына дейін жалғасады.


ПІКІР ЖАЗУ