Шардара: аудан прокуроры инвесторлармен кездесті
Инвесторлардың өзекті мәселелерін талқылау бойынша мәжіліс өткізілді.Аудан прокуроры Алмас Әлінің төрағалығымен өткен жиынға обылыстық энергетикалық басқармасының жауапты мамандары, аудандағы құзырлы мекемелердің өкілдері,кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер, яғни, аудандағы ивесторларға мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан жеңілдіктер жайлы, кәсіпкерлердің өзекті мәселелері талқыланды.
Тарқатып айтқанда, «Казкрахмал» ЖШС-нің инфрақұрылымы және ауыл шаруашылық егін жерлерге бөлінетін ағын суды оңтайлы мерзімде босату және зауыттың Ақшенгелді ауыл округіне қарасты 30 га жерге егілген жүгері алқабына уақытылы ағын су жетіспеушілігі, «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытына инфрақұрылым мердігер тарапынан уақытылы жүргізіліп пайдалануға беру. Бұдан бөлек «Шебер» тігіг цехындағы ауыз су, табиғи газ мәселелері сараланды.
Жиында көтерілген сұрақтар бойынша жауапты тараптарға мәселелерді оңтайлы шешу бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.