Қазақстандық шеберлер құрақ көрпе тігуден әлемдік рекорд орнатты

0

– Еліміздің әр өңірінен жиналған шебер әжелер құраған көрпе әлемдік рекорд ретінде тіркелді.

«Бүгін сағат 13.00-де ерекше іс-шара өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 450-ден астам шебер құрақ көрпе тікті. Осылайша, дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд орнатылды», — деп хабарлады Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, санаулы сағаттан соң V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылуы өтеді.

Айтулы шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады және ұлттық спорт бәсекесінің ашылу рәсімі «Астана арена» стадионында өтеді.

Еске салсақ, Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, шоуға 3 мың артист қатысады. Шараның ашылу рәсімінің алдында, 8 қыркүйек күні сағат 16:00-де қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Концерт аяқталысымен сағат 19:00-де ресми ашылу салтанаты болады. Шоу барысында сахна мен мультимедианың заманауи технологиялары қолдыныла отырып, екі сағаттық музыкалық театрландырылған қойылым ұйымдастырылады.


ПІКІР ЖАЗУ