РЕФЕРЕНДУМ ЕЛ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС
Шымкент қаласында опера және балет театрының ғимаратында орналасқан №11 референдум учаскесінде тұрғындар лек-легімен келіп, белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Олардың арасында Шымкент қаласының опера және балет театрының солисті, елімізге танымал опера әншісі Оралхан Сейілбекова өз таңдауын жасады.
—Референдум арқылы халқымыз маңызды шешім қабылдайды. Осындай кезде барлығымыз отансүйгіштік пен бірлігімізді көрсетіп, өз таңдаумызды жасауымыз керек. Өйткені, Қазақстанымыздың дамыған, өркениетті, әлемнің алдыңғы қатарлы елі болғанын қалаймыз. Бүгінгі референдум осы жолдағы маңызды бір белес деп есептеймін, — О.Сейілбекова.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, көптеген республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.