Шымкентте кондоминиум объектісі іске асырылуда

0

Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының теңгеріміндегі коммуналдық көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғын емес үй-жайларын кондоминиум обьектісі ретінде тіркеу мәселесі заң тұрғысынан зерделеніп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Кондоминиум объектісі – тұрғын үйлердің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстау және оларды пайдалану мәселелерін шешуге және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бағытталған іс-шаралар кешені.

Кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір тұрғын үйлердің атынан сайланған заңды өкілдері екінші деңгейлі банк арқылы ағымдағы шотты ашуға міндетті. Яғни, аталған шотқа пәтер иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын төлемдері аударылады.

Айта кету керек, кондоминиум обектісі құрылу негізінде пәтер иелері тұрғын үйдің тұрғын емес үй жайларын яғни, ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға және оны қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету шараларын қолдануға міндеттеледі.


ПІКІР ЖАЗУ