Түлкібаста ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

0

Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке лайық. Түлкібас ауданында 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, сын сағатта халқына сүйеу, жұртына қамқор болып келген қарттарға ерекше сый-құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов және орынбасары Ербол Орманов жүз жасаған қариялардың үйлерін арнайы аралап, мерекемен құттықтады.

Бірінші кезекте аудан басшысы Майтөбе ауылына табан тіреп, еліміздің біртуар азаматы, абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының шаңырағында болып, ғасырға жуық жасаған қартқа сый-құрмет көрсетті.

Осындай игі іске мәз-мейрам болған қария шынайы ризашылығын білдіріп, Нұржан Жақсылықұлына өзінің «Абайтану» атты он томдық жинағын тарту етіп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың аман болуын тілеп батасын берді.

Содан соң, аудан басшысы аудан орталығындағы ғасырдан аса жас жасаған Вера Севирикованың шаңырағында болып, бүгінде 104 жасқа келген анаға мерекелік құттықтауын жеткізіп, сый-сыйапат жасады.


ПІКІР ЖАЗУ