ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында санитарлық тазалық шаралары өткізілуде

0
82

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен бірге аудан әкімі аппараты ауданда құрылған экологиялық полиция қызметкерлерімен бірге аудан аумағындағы шағын аудандарда рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – тұрғындарды қоқыс тастамау мәдениетіне баулу. Яғни, санамызға тазалық мәдениетін сіңіру – күн тәртібінде тұрған ең басты мәселенің бірі болып тұр.

Кезекті түнгі рейдтік шара барысында көпқабатты үй аулаларында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыстар аудан аумағындағы барлық елді мекендерде жүргізілетін болады.

— Қоқысты тастамау – біздің мәдениетімізді арттырады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын компаниялардың қызметкерлерінің басым бөлігі бұл біздің ата-аналарымызбен замандас жандар… Сондықтан, қоқысты тастардан бұрын оны тазалаушы жандардың еңбегін бағалауды еске сақтауды сұраймыз — дейді аудан әкімшілігі.

Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер.

Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.
Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады.


ПІКІР ЖАЗУ