ШЫМКЕНТ: Пандустар мүмкіндігі шектеулі жандарға қатер төндірмеуі керек

0

Шымкент қаласы әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым обьектілерін түгендеуді жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудандарда арнайы жұмысшы топ құрылған.

Еңбекші ауданындағы жұмысшы топ аудандағы әлеуметтік және коммерциялық нысан иелеріне «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүрiп-тұруына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi екендігі түсіндірілді. Құзырлы басқарманың мамандары әр коммерциялық нысан иелеріне жеке-жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ кедергісіз орта жасақтауда қамкөңіл жандардың ұсыныс-тілектері ескеріледі. Жобаның мақсаты – қаладағы әлеуметтік нысандарға кіріп-шығу үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысына жағдай жасау. Жалпы мүгедектерге арналған авто тұрақ, пандустар, дыбыстық шақырту кнопкалар, тактильді плиткалар, мүгедектерге арналған санитарлық бөлмелер болуы тиіс.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2021 жылға 259 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ыңғайына қарай бейімдеу жоспарланып, нақты 200 нысанға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Талапқа сәйкес келмегендерге ескерту берілді.


ПІКІР ЖАЗУ