Ордабасы: аудан әкімі Азат Оралбаев жылыжай – кешенін дамыту жобасы бойынша шаруалармен кездесті

0

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен Шұбарсу ауыл округінде жылыжай кешенін дамыту жобасы бойынша өзекті мәселелерді талқылау жобаны жүзеге асыру бойынша жиналыс өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында

-Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру тапсырмасы берілген болатын.

Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан Шұбарсу ауыл округінен арнайы жылыжай кешенін дамыту мақсатында 15 гектар жер телімі бөлініп, ниет білдірген 80 азаматқа 0,15 га берілетін болады. Сонымен қатар, облыс басшысының тапсырмасы бойынша жылыжай кешенін салуға ниет білдірген азаматтарға тек Ордабасы ауданында ғана «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайыздық несиелендіру ұсынылып отыр. Осыған сәйкес, шаруалардан тиісті құжаттарды «Ырыс» МҚҰ ЖШС менеджерлеріне шұғыл арада тапсыру қажеттігі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шаруалар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Аудан әкімі Шұбарсу ауыл округінде жылыжай кешенін дамытуға шаруаларды сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді, салаға жауапты орынбасары мен бөлім басшысы және ауыл округ әкімдеріне ниетті азаматтарды құжаттарын туралауға жәрдемдесіп, осы айда толықтай аяқтауды тапсырды.

Аудан басшысы өз сөзінде жылыжай көзін тапсаң, таптырмайтын табыс. Жерана диқанның еңбегінің есесін еш етпейді. Еңбегі адал болса. Жылыжай кешендерінің молайғаны дұрыс. Бәсекелестікке жол ашады. Сонда ғана халыққа сапалы өнім қолжетімді болатынын жеткізді.


ПІКІР ЖАЗУ