Сайрам ауданы ет өнімін экспорттаудан көш бастап тұр

0

Сайрам ауданы – мал шаруашылығын дамыту бойынша облыста жетекші орында. Ауданда 1 мыңнан астам мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылануда. Тәулігіне 3 мыңға жуық мал сойылады. Мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған шағын кәсіпкерлік нысандар да өңір экономикасының дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Мал басын асылдандыру жұмыстарының нәтижесінде 2024 жылы Манкент ауыл округіндегі «Шерзад-1» шаруа қожалығы 33 бас «Джерсей» тұқымды аналық сиырларды Дания мемлекетінен сатып алды. Бүгінгі таңда толық жерсініп, төл алынуда. Әр аналық бастан 30-35 литр сүт сауылып, майлылығы 6-9 % жетуде.  

2024 жылдың 12 айында аудан бойынша жалпы 31,8 мың тонна ет экспортталды. Атап айтқанда, 19,6 мың тонна ірі қара мал еті және 12,2 мың тонна қой етіне тиесілі. Бұдан бөлек, өткен жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін өндіру жоспары 130,2 млрд теңгеге бекітіліп, 137,9 млрд. теңгеге орындалды. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 58,0  млрд. теңгені құраса, мал шаруашылығы 79,9  млрд.теңгеге жетті.


ПІКІР ЖАЗУ