Бәйдібек: аудандық полиция бөлімінің жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылау туралы кеңес өткізілді

0

Жиынға Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.Әбдіқадырқызы, Бәйдібек АПБ бастығы полиция подполковнигі Н.Әжібеков, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев және аудандық  полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, 2024 жылдың 12 айының қорытындысымен азаматтардың полицияға сенімін арттыру, азаматтарды аудан көлеміндегі қылмыспен күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жедел-қызмет жұмыстардың нәтижесі және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар  сараланды.

Жалпы, 2024 жылдың 12-ай көлемінде  қылмыстылықпен күрес, қылмыстық жазаларды орындау, іздеу жұмыстары нәтижесінде ауданда жалпы 58 қылмыс тіркеліп, (2023ж-66) былтырғы жылмен салыстырғанда -12,1%-ға, немесе 8 қылмысқа азайған.  Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар 13-тен 10-ға, яғни қылмыстың тіркелуі -23,1% төмендеген. Аса ауыр қылмыстар 2024 жыл көлемінде орын алмаған.  

Онша ауыр емес және ауырлығы орта дәрежедегі қылмыстар 34-тен 31-ге немесе -8,8% төмендеген. Қылмыстың ашылуы 70,0%-дан 80,0%-ға жоғарылаған.

Жедел кеңес барысында 2024 жылдың 12-ай қорытындысына сәйкес,  Бәйдібек АПБ-мен атқарылған жұмыстар нәтижесі мен орын алған кемшіліктер  сыни талданып, ТО ПД  бастығының орынбасары полиция подполковнигі М.Әбдіқадырқызы жеке құрам қызметкерлеріне қызмет барысында қазіргі таңда, мал ұрлығы, есірті және  алаяқтық қылмыстарының өршуіне байланысты тұрғындар арасында профилактикалық алдын алу, ескерту, түсіндіру жұмыстарын барынша жан-жақты жүргізу қажеттігі  ескертілді.  


ПІКІР ЖАЗУ