Түлкібас: аудан әкімі Шамшырақ газеті редакциясының жұмысымен танысты

0

Бүгін аудан әкімі Аскар Естибаев аудан баспасының қара шаңырағы саналатын 90 жылдан астам тарихы бар «Шамшырақ» газетінің редакциясына арнайы табан тіреп, мекеменің жұмысымен танысты.

Ауданмен бірге дамып, бірге жетіліп келе жатқан басылымда бүгінгі таңда 17 адам жұмыспен қамтылып, өзінің баспаханасы жұмыс істеуде.

Асқар Сұлтанұлы редакцияны толық аралап шығып, мекеме қабырғасында бір топ ауданымыздың ақын-жазушылары мен журналистика саласының ардагерлерімен кездесті.

Басқосуда жылы естеліктер айтылып, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, шығармашылыққа қызығушылығын арттыру бағытында әңгіме өрбіді. Аймақтың дамуы жайында ой-пікірлер ортаға салынып, ақындар өз туындыларын оқып, кездесудің көркін аша түсті.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, «Шамшырақ» газеті 1931 жылғы қазан айында «Социалистік егінші» деген атаумен шығып, кейінен 1962 жылы Сайрам, Түлкібас, Алғабас аудандары қосылып, «Еңбек туы» газетіне біріккен. 1966 жылы Сайрам аймақтық өндірістік басқармасынан  бөлініп, өз алдымызға аудан мәртебесін алып шыққанда, басылым «Маяк» және  Шамшырақ» аталып, жарық көре бастады. 2004 жылдан бүгінгі күнге дейін  «Шамшырақ» атаумен шығып отыр. Қазіргі таңда газеттің таралу тиражы 5 мың дананы құрайды.


ПІКІР ЖАЗУ