Түлкібас: елді мекендердегі үгіт-насихат құралдарының бүгінгі жағдайы қаралды

0

Жалпы аудан аумағындағы 15 ауылдық округ, кенттердегі елді мекендерде 92 дана билборд, 204 дана панолар және округ паспорттары орналасқан. Саралау жұмыстарының барысында соның ішінде 21 билборд желдін әсерінен құлап, қыйсайған.

Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Аскар Естибаевтың төрғалығымен өткен аппараттық жиында аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Рахымжан Алтынбеков мәлімдеді.

Бұдан бөлек, лездемелік жиында бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болып отырған иесіз, қаңғыбас ит, мысықтарды аулап, жою, облыс, аудан әкімінің тапсырмаларының орындалу барысы және ауыл-аймақтың санитарлық тазалық мәселесі қаралды.

Мәжілісті жауапты баяндамашылардан соң түйіндеген Асқар Сұлтанұлы, барлық елді мекендердегі үгіт-насихат құралдарын талапқа сай қылып, реттеу, қаңғыбас иттерді аулау бойынша рейдтік шараларды күшейту, ауылдардағы көше бойындағы күл-қоқысты дер кезінде тазалау мәселесін атқаруды жауаптыларға жүктеді.

Меткептерде ата-аналармен және басқа да көпшілік жерлерде иттерді бос жібермеу және қоқысты көше бойына шығармау бойынша түсіндіру шараларын жандандыру қажеттігін атап өтті.

Ортақ тәртіпке бас имей, ескертуден кейін тұрмыстық қалдықтарды көшеге тастайтын азаматтарға Заң талаптарына сай айыппұл салу мәселесін ескертті.


ПІКІР ЖАЗУ