Түлкібас: әкім мен халық арасындағы диалог
Бүгін аудандық орталық кітапханада аудан әкімі
Аскар Естибаев қоғам белсенділерімен ашық форматта кездесу өткізді. Жиынға барлық сала бөлім басшылары қатысты. Бұл кездесуге мен де қатысып, халықтың көкейіндегі маңызды мәселелерді көтердім. Соның ішінде, тегін дәрі-дәрмектердің халыққа қолжетімділігі және олардың кімдерге берілетіні туралы Түлкібас аудандық орталық аурухана басшысы Жанат Тоғайбековадан ақпарат алдым. Олардың айтуынша, дәрі-дәрмектер бар, бірақ жыл соңында тапшылық орын алуы мүмкін екен. Дегенмен, қаңтар-ақпан айларында тегін дәрілер бар деп үміттенеміз. Бастысы әкімнің басты назарында!
Сонымен қатар, аудан әкімінен орталық аурухана мен емханаларға жеткізілетін дәрілердің қорына қоғамдық бақылау жүргізуді ұсындым. Әкім бұл ұсынысты қабыл алып, алдағы уақытта ұйымдастырылатынын айтты.
Кездесу барысында тағы екі маңызды ұсынысымды жеткіздім: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік бағдарламаларды жақсарту және өзімнің ауылым Састөбе ауылындағы көп жылдан бері шешілмей келе жатқан саябақ мәселесін қағазға түсіріп, әкімнің назарына ұсындым. Қалған өзгерісті енді Асқар Сұлтанұлынан күтеміз!