Келесте кәсіпкерлік нысандардың саны артып келеді

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту жұмыстарын күшейту жөнінегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев шетелдің өндіріс орындарын аралап, келісімшарттар жасады.

Осы жұмыстар нәтижесінде Келес ауданында биыл өнеркәсіп өндірісінің көлемі 59,3% өсіп, 4,3  млрд. теңгені құраған. Жыл басынан бері 10 жаңа өндіріс іске қосылып, соның нәтижесінде 235 жаңа жұмыс орны құрылды. Ауданға жалпы құны 3,8 млрд.теңгені құрайтын инвестиция тартылды.

Атап айтқанда Жүзімдік ауылдық округі аумағынан жоба құны 300,0 млн.тг құрайтын «Толағай» жеке мектебі ашылып, 60 жаңа жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, Ақтөбе ауылдық округі аумағынан жоба құны 500,0 млн.тг құрайтын «DOHA» жанар жағар май бекеті құрылысы жүріп,  10 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аудан орталығынан жоба құны 408,0 млн.тг құрайтын «Домалақ ана» тігін цехы мен жоба құны 300,0 млн.тг құрайтын «Тажибаев» жиһаз дүкені  ашылса, Ошақты және Ұшқын ауылдық округі аумағында «Азия мед» жеке клиникасы құрылысы аяқталды. Жоғарыда аталған кәсіпорындарда жалпы 75 азамат жұмыспен қамтылды.  Сондай-ақ, Ошақты ауылдық округі аумағынан жоба құны 350,0 млн.тг құрайтын «ALEM» сауда орталығы ашылып, 5 жаңа жұмыс орыны құрылды.

Биылғы жылы кәсіпорындардың дені аудан орталығы Абай ауылында ашылды. Солардың бірі жоба құны 300,0 млн.тг құрайтын «ZANGAR» сауда орталығы өз жұмысын бастап 5 азамат жұмыспен қамтылса, тағы бірі «BEK-MART» сауда орталығының құрылысы жүріп, 15 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен жоба құны 500,0 млн.тг құрайтын «Мұрагер» жеке мектебі құрылысы жүріп,  65 жергілікті азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылды.


ПІКІР ЖАЗУ