САРЫАҒАШ: Жылға ауылдық округінде бірқатар әлеуметтік нысандар тұрғындар игілігіне берілді

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Жиында аудан басшысы тұрғындармен еркін форматта пікір алмасып, тұрғындар тарапынан ауылдық округтің алдағы әлеуметтік-экономикалық ахуалды дамыту бойынша дайындалған жол картасына енгізуге ұсыныстарын тыңдады.
Жылға елді мекенінде ауыз су құбырлары тартылып, аталған елді мекен және Шеңгелді елді мекенінің тұрғындарын көгілдір отынмен қамту мақсатында мердігер «Ремстрой» ЖШС-і тарапынан табиғи газ құрылысының жұмыстары жүргізілуде. «Ауыл- ел бесігі» ұлттық бағдарламасы аясында заманауи үлгідегі спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, тұрғындар игілігіне табысталды. Жылға елді мекендерінде бір ауысымда 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория, Шымырбай елді мекенінде фельдшерлік амбулатория салынды. Жылға елді мекенінде арнайы күл-қоқыс тастайтын 3 га полигонына қоршау жұмыстары жүргізіліп, жолына тас төселді. Ауылдық округке қарасты 3 елді мекенде ашық спорт алаңшасы және варкаут салынып, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Шеңгелді елді мекенінде электр желісі тартылып, жаңадан 6 дана трансформатор қондырғысы орнатылды. Шеңгелді елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 954 метр тереңдікте жерасты су қорын анықтау-барлау жұмыстары, Қарақалпақ елді мекеніндегі пайдаланудағы су ұңғымасына күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілді.
Кездесуден кейін аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштерін тыңдап, заң аясында жауап берді. Әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, алдағы уақытта тиісті жұмыс жүретінін айтты.