М.Әйтенов Абай ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы тұрғын алаптарда инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабардар етті.

Қала әкімі алдымен Жаңаталап тұрғын алабына барды. Бүгінде елдімекенде ішкі ауызсу жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. 89,6 шақырым ауыз су құбырының 77,9 шақырым жұмыстары орындалды. Мердігер «СМК и 7-Ж» ЖШС жобаны 2021 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, Жаңаталап елді мекеніндегі 5 196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 42,2 шақырым. Құрылыс жұмыстары мердігер «ГХ» Шымкентгаз» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Құрылысты 2022 жылғы IV тоқсанында аяқтау жоспарда.

Сондай-ақ, қала әкімі шағал тас төсеу жұмыстарының барысын бақылады. Жаңаталап тұрғын алабында жалпы ұзындығы 8,76 шақырым 30 көшеге қиыршық тас жолдар салу жұмыстары жүргізілген. Жалпы Абай ауданы бойынша шағал тас төсеу жұмыстары 100 % аяқталған.
Қойбағаров көшесінде 900 м жолға орташа жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

 


ПІКІР ЖАЗУ