Өртенген әйел тірі болып шықты

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Шанита Хопкинс әпкесін кремациялағанына сенімді еді. Алайда кейін оның тірі екенін білген, деп хабарлайды BAQ.KZ WROC-TV арнасына сілтеме жасап.
Хопкинстің айтуынша, 2021 жылдың шілдесінде әпкесі Шанис Крюс жоғалып кеткен. Ол екі баласын тастап, із-түзсіз жоғалған. 2024 жылдың сәуірінде Шанитаға әпкесінің есірткінің артық дозасынан қайтыс болғаны туралы хабарлаған. Әйелдің мәйіті табылған. Бірақ Хопкинс әпкесінің мұндай заттар қолдануы мүмкін екеніне сенбеген.
Марқұмның денесі қатты шіріп кеткендіктен, туыстарына көрсетуге рұқсат берілмеген. Кейін оны кремациялаған. Алайда 2024 жылдың қарашасында Хопкинске белгісіз біреу хабарласып, әпкесінің тірі екенін айтқан. Ол әйелдің фотосын жіберіп, Крюстің басқа бір штаттағы іс-шарада көмектесіп жүргенін хабарлаған. Сөйтсе, Крюс жай ғана қашып кеткен екен.
Хопкинстің айтуынша, бөтен адамның күлі салынған алқаны тағып жүру — отбасы үшін ауыр жайт. Сараптамада қателік жіберген сот-медицина қызметкерлері Хопкинске бейтаныс адамды жерлеуге кеткен ақшаны қайтарып беруді ұсынған. Бірақ әйел бұл өтемақының отбасының төккен көз жасын қайтармайтынын айтты.
Ол әпкесімен әлі де байланыса алмағанын жеткізді.
Не болса да, маңызды емес. Мен оны жақсы көремін — бастысы осы, — дейді Хопкинс.