Ақмолада 40 гектар жердегі құрғап шөп өртенді

0

Ақмола облысының Көкшетау, Степногорск қалаларында, сондай-ақ Бурабай және Біржан сал аудандарында құрғап шөп өртенді. Қызыл жалынның жалпы 40 гектар жерді құраған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соның ішінде 35 гектар жердегі өрт Біржан сал ауданында болған. Төтеншеліктердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің орман алқабына одан әрі таралуына жол берілмеді. Қабылданған шаралармен алапат өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себептері анықталуда.


ПІКІР ЖАЗУ