Шерзат Болат өлімі: 6 мамырда айыпталушылар сотта жауап береді

Ертең, яғни 6 мамырда Шерзат Болат өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сотталушылардан жауап алу басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі сот отырысында үзіліс жарияланып, жалғасы 6 мамырда жалғасатыны жарияланды.
6 мамырдан бастап сотта іске қатысы бар сотталушылар жауап береді.
Мемлекеттік айыптаушылар
Іс ауқымы – 62 том. Соған қарамастан, оны тек екі прокурор жүргізіп жатыр.
- Ержан Құрақбаев – Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы;
• Дана Сәрсенбай – Жетісу облысы, Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры.
Сотта төрт жәбірленуші бар:
- Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов;
• Анасы Гүлбара Бейшембиева;
• Әжесі Жұмабике Қадырова;
• Марқұмның досы Алдияр Махметтің заңды өкілі Әйгерім Мұқатаева.
Айыпталушылар қатарында кімдер бар?
Қылмыстық іс бойынша тоғыз адамға айып тағылған. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Істің басты фигуранттары:
- Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру»), 24-бабы 3-бөлігі («Адам өлтіруге оқталу»), 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық»);
2. Равиль Сакиев – дәл осы баптар бойынша;
3. Азамат Тоқтаубаев – «Бұзақылық» және 188-бап 1-бөлігі («Ұрлық»);
4. Нұрбол Тоқтаубаев – «Бұзақылық»;
5. Шыңғыс Белғожаев – «Бұзақылық»;
6. Дархан Әскентай – «Бұзақылық»;
7. Нұрқияс Ілиясов – «Бұзақылық»;
8. Дидар Қалияхмет – «Бұзақылық»;
9. Думан Ысқақ – 434-бап («Қылмыс туралы хабарламау»).
Еске салсақ, бұған дейін дүкенге қарсы үйде тұратын куәгер сотта жауап бергенін жаздық. Сондай-ақ сотта тағы екі куәгер жауап берді.
Белгілі болғандай, сотқа Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қайта шақырылады, өйткені қойылмаған сұрақ бар. Сотта марқұм Ғайыпбаев Шерзат пен өзін кім пышақтағанын айтқан видеосы көрсетілді.
Сот процесінде марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен куәгер ретінде танылған Самат Абдықадырдың беттестіру сәтінен видеожазба ұсынылды.