«+45 градус». Министр алдағы екі айға болжам жасады

0

 Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шегінде болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, солтүстік және орталық өңірлерде орташа температура 17–20 градус шамасында болады. Ал еліміздің батысында 23–25 градус жылы күтілуде.

Оңтүстікте аптап ыстық болады

Оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады. Жазық өңірлерде температура 24–28 градусқа дейін, ал кей жерлерде 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Жауын-шашын мөлшері әртүрлі болады

Министрлік мәліметінше, маусым айында:
• Батыс, солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарда жауын-шашын мөлшері климаттық нормаға сәйкес болады;
• Ал қалған өңірлерде жауын-шашын мөлшері нормадан аз болуы мүмкін.

Шілдеге болжам қандай?

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, шілде айында да ауа температурасы еліміздің көп бөлігінде норма шегінде болады.
Алайда шығыс пен оңтүстік-шығыста температура нормадан 1 градусқа жоғары болуы ықтимал.
Жауын-шашын көлемі де негізінен қалыпты деңгейде болады. Бірақ:
• Қиыр солтүстік-батыс,
• Солтүстік,
• Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан артық болуы мүмкін.

Еске сала кетейік, осыған дейін құрғақшылық жайлайтын 10 аймақ аталды. Премьер-министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрінен шегірткемен күрес барысын сұрады.


ПІКІР ЖАЗУ