Өрт сөндіру спорты: Қазақстан құрамасы Уфада қола жүлде иеленді

Бүгін Уфа қаласында ерлер мен әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу бойынша халықаралық жарыстар басталды. Жарыста Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары шабуыл сатысымен көтерілу бойынша үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін Уфа қаласында ерлер мен әйелдер арасында шабуыл сатысымен көтерілу бойынша халықаралық жарыстар басталды. Халықаралық турнирге әртүрлі елдерден келген ең мықты спортшылар қатысып, өрт сөндіру-құтқару спортының ең көрнекі түрлерінің бірі бойынша жылдамдық, күш және шеберліктерін көрсетуде.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамалары шабуыл сатысымен көтерілу бойынша үшінші орынға ие болды, ал жартылай финалға біздің елден ерлер командасының өкілі — Николай Буторин шықты.