Сара Алпысқызы ем қабылдап жатыр – Тұңғыш Президент кеңесшісі

0

 ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі Айдос Үкібай Сара Алпысқызы қайтыс болды деген ақпарат жалған екенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

БАҚ-тардың сұраныстарына жауап ретінде мынаны хабарлаймын: 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы қазіргі уақытта ауруханада ем қабылдап жатыр. Ол қайтыс болды деген ақпарат шындыққа жанаспайды, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Соңғы сағатта “Сара Алпысқызы қайтыс болды” деген жалған ақпарат желіде таралып жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ