Елімізде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыстар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда 5,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді. Атап айтқанда:
Ақмола облысында – 971,1 мың га, Алматы облысында – 228,4 мың га, Ақтөбе облысында – 124,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га, Жамбыл облысында – 316,5 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га, Қарағанды облысында – 435 мың га, Қостанай облысында – 385,1 мың га, Павлодар облысында – 467,9 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га, Түркістан облысында – 482 мың га, Жетісу облысында – 353,6 мың га, Абай облысында – 463,6 мың га және басқа өңірлерде де егіс жұмыстары жүргізілуде.
Негізгі дақылдар бойынша: дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың га егілді.
Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтілді.
Биылғы жылға тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш 100% қамтамасыз етілді.
Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жөнелтілді.
Егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.