ШЫМКЕНТ: Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр

0

 

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы бір жаңа кәсіпорын ашылмақ. Өткен аптадағы инвестициялық штабта жаңа жоба таныстырылып, негізгі мәселелері талқыланды.

«Тараз-INTERSERCO» ЖШС ақ киім шығаруды қолға алды. Ол үшін арнайы аймақтан 1 гектар жер берілді. Инвестициялық жобаның құны — 400 млн теңге. Жылына 150 мың аяқ киім тігуді жоспарлап отыр. Шығарылған өнім толығымен ішкі нарықты қамтитын болады.

Кәсіпорын іске қосылған сәтте 60 адамды жұмыспен қамтымақ. Бүгінгі таңда инвестор тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтар алынған. Вьетнамдық кәсіпкерлермен серіктестік орнату, құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Штабта жер мен инфрақұрылым, экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетін болып шешім қабылданды.

Тағы бір инвестор тоқыма емес материалдар өндірісін ашпақ. Жобаны іске қосу үшін мемлекеттік қолдау ретінде «Оңтүстік» АЭА-тан 0,8 гектар жер беріліп, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болды.

Құрылыста маңызды болып табылатын газоблок өндірісін ашу туралы жобаны «Асыл Өркен Құрылыс» ЖШС ұсынды. Тәулігіне 60 текше газоблок шығаратын кәсіпорынды іске қосу үшін 0,5 гектар жер сұрап отыр. Қала әкімі «Жұлдыз» индустриалды аймағынан жер қарастыру бойынша сала басшысына ұсыныс беруін тапсырды.


ПІКІР ЖАЗУ