Қызылордада үш «Келешек мектебі» ашылады

0

Қызылорда облысында жаңа оқу жылы қарсаңында  үш «Келшек мектебі» пайдалануға беріледі. Тағы бір заманауи үлгіде салынған білім ошағы қазан айында ашылады. Саладағы жетістіктер мен жоспарлар «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз конференциясында айтылды. Былтыр өңірде 13 жаңа білім беру ұйымы ашылды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 6 мектеп пайдалануға берілді. Тағы 3 жаңа мектеп оқушыларды қабылдауға дайын. Ал бір білім ұясының құрылысын қазан айында аяқтау жоспарланып отыр. Облыста үш ауысымда білім беру және апаттық мектептер мәселесі толық шешілген.

Нұрлыбек Нәлібаев, облыс әкімі: — Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, алдағы үш жылда өңіріміздегі 51 мектеп күрделі жөндеуден өтеді. Биыл 9 мектеп қайта жаңғыртудан өтті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өткен үш жылда апаттық жағдайдағы 7 мектептің мәселесі толық шешімін тапты. Қайтарылған активтер есебінен 5 мектептің құрылысы қаржыландырылатын болады. Қызылордалық түлектер ұлттық біріңғай тестілеу қорындысы бойынша көш басына шықты. Еліміз бойынша мемлекеттік грантты да Сыр бойлық өрендер ең көп иеленген. Білім сапасын одан әрі арттыру үшін мектептерге жаңа оқу жылынан бастап жасанды интелект енгізіле бастайды.

Майра Мелдебекова, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: — Жасанды интелектің негіздері 1-11 сыныптарға енгізіледі. Яғни ұқсас тақырыптарды біріктіріп, кіріктіріледі. Алдағы оқу жылдарда әрі қарай жеке бағдарламасы жасалып, енгізілетін болады. Конференцияда еңбегімен еленген ұстаздарға «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды. Ал «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын Шиелі ауданындағы №47 мектеп-лицейі жеңіп алып, 34 млн теңге қаржылай сертификатқа ие болды.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/kogam/725993-kyzylordada-us-kelesek-mektebi-asylady

 

 

 


ПІКІР ЖАЗУ