Алматы мен Шэньчжэнь цифрландыру бағытындағы әріптестікті күшейтуде

0
Алматыда Шэньчжэнь қаласы (ҚХР) делегациясы мен Shenzhen Urban Transportation Planning Center Co., Ltd. (SUTPC) өкілдері қала әкімдігі мен Қалалық дамыту орталығының мамандарымен кездесті.
💻 Негізгі тақырып – цифрландыру және орнықты даму саласындағы ынтымақтастық. Тараптар «Алматының цифрлық егізі» пилоттық жобасын талқылап, қаланың инфрақұрылымы мен үдерістерінің динамикалық моделін құруға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды бастады.
📊 Кездесу барысында Алматының цифрландыру, көлік және инновациялық салаларындағы негізгі жобалар таныстырылды.
🤝 Екі тарап та серіктестіктің маңызына тоқталып, инновациялық шешімдерді енгізу үшін тәжірибе алмасудың қажеттігін атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ